17 Наурыз, 2020 NEWS
Фото ақынның жеке мұрағатынан алынды
ҚР мәдениет қайраткері, ақын, әйгілі "Көк тудың желбірегені" әнінің авторы Алмас Ахметбек Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңес тағайындаған "Ұлт қайраткері" медалімен марапатталды.
Ақын өзіне көрсетілген мұндай құрметті қоғамдық белсенділігі үшін емес, ақындығы үшін берілген деп есептейді.
– Бұл медал алу – шын мәнінде мадақ есту сияқты сәт қой.
"Тарбағатайдың құрметті азаматы", "Мәдениет қайраткері" деген төс белгілерді қымсынбай тағып жүре алар едім. Ал, мынау салмағы аттың белін қайыстырар "Ұлт қайраткері" деген медал үйде тұратын шығар.
Дәл осы жерде марапатталуыма қоғамдық белсенділіктен көрі жазған ӨЛЕҢІМ себеп. Марапат комиссиясының төрағасы Марат Тоқашбаев қол қойған медалға қарап, бір сәт соны ойлап тұрдым.
Өлеңіміз жайлы неше түрлі риза көңілдің сөзін естіп жүрміз ғой. Сондай мақтау сөзге лайық болардай мінсіз көркем, отты, өткір жыр жазуға бар ынта қуатымызбен құлшынамыз.
Ақтөбеде Үлкен бір шарада Марат Базарбай деген кісі: "Сен Азат Еліңе тәуелсіздік таңымен бірге келдің. Келген бетте осындай керемет өлең жаздың. Сөйтіп, бір ғана әнмен Халқымыздың ҚҰЛ болған санасында бірінші болып, ПАТРИОТТЫҚ төңкеріс жасадың. Бұл алғыс әуенін жазған Ермұраттың рухына да тән..." деп сөз бастап еді. "Шынымен бе?!" деп қоям:
"АЗАТТЫҚТЫҢ АЛҒАШҚЫ СӘТІНДЕ-АҚ, ХАЛҚЫҢНЫҢ САНАСЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӨҢКЕРІС ЖАСАДЫҢ!" дейді. Бұл сөз мен үшін кез келген марапат – медалдан қымбатырақ болғанын жасырмаймын, – дейді жүрекжарды сөздерін жеткізген ақын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір